Қылмыс

Арзан үй әперемін: Шымкент тұрғынын 2,5 млн теңгеге алдаған алаяқ ұсталды

  • Арзан үй әперемін: Шымкент тұрғынын 2,5 млн теңгеге алдаған алаяқ ұсталды

    Арзан үй әперемін: Шымкент тұрғынын 2,5 млн теңгеге алдаған алаяқ ұсталды

Шымкенттік тұрғынды үй алып беремін деп 2,5 млн теңгеге алдаған алаяқ анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шымкент қаласы полиция департаментінің Еңбекші ауданы полиция басқармасына «102» арнасы арқылы жергілікті тұрғын арызданған.

Ол өз арызында жолда танысқан бейтаныс азамат «арзан бағада үй алып беремін» деп алдағаны туралы жазып көрсеткен.

Осылайша сеніп қалған жәбірленуші еш ойланбастан араға уақыт салып 2.500.000 теңге тауып береді.

Алайда алаяқ уәдесін орындамай, телефонға жауап бермей ізін суытады. Амалы қалмай, алданып қалғанын түсінген тұрғын полицияға шағымданған.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК 190-бабы бойынша тіркеп, жедел іздестіру шараларына кіріскен.

Осы оқиғаға байланысты полиция қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылып, істің ақ-қарасын анықтайды.

Нәтижесінде осы жайтқа қатысты 50 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

Анықталғандай алаяқтықты кәсіп етіп, оңай жолмен пайда табу мақсатында жәбірленушіні алдап, аз уақыт ішінде ақша табатынына сендіріп, алаяқтық жолмен алған ақшаны өз қажетіне жұмсаған.

Қазіргі таңда сотқа дейінге тергеу амалдары жүріп жатыр.




Көрілген: 422    Пікірлер: 0

жексенбі, 21.11.2021, 14:16

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31