Қылмыс

Аса ауыр қылмысқа дайындалған: Алматыда мұздай қаруланған жігіт ұсталды

  • Аса ауыр қылмысқа дайындалған: Алматыда мұздай қаруланған жігіт ұсталды

    Аса ауыр қылмысқа дайындалған: Алматыда мұздай қаруланған жігіт ұсталды

27 жастағы ер адамды тінту кезінде оның "Ауди" автокөлігінен бірнеше мылтық пен оқ тәркіленген. Сондай-ақ күдіктінің қалтасынан пышақ та шықққан


Алматы тұрғынын тінту кезінде 12 калибрлі екі шолақ және тегіс ұңғылы мылтықтар, карабин, 15 оқ-дәрі табылды.


Полицияның мәліметінше, ол аса ауыр қылмысқа дайындалған, деп хабарлады "Астана" арнасы.


Полиция заңсыз қаруларды "Думан" ықшам ауданынан тапқан. 27 жастағы ер адамды тінту кезінде оның "Ауди" автокөлігінен бірнеше мылтық пен оқ тәркіленген. Сондай-ақ күдіктінің қалтасынан пышақ та шықты дейді полиция.


"Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қару-жарақты өзінің үйінде және автокөлігінде сақтаған 92 жылы туған Т. есімді азаматты құрықтаған. Бұл азамат аса ауыр қылмысқа бел буған екен, қарақшылық, шабуыл, тонау әркеттерін жасамақшы болған. Бірақ қылмыстық пиғылын жүзеге асырып үлгерген жоқ. Ұсталды", - деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.


Негізі атыс қаруларының саудасы бойынша Алматы бірінші орында тұр. Осылай деген "Қорамсақ" қару-жарақ қауымдастығының вице-президенті Сергей Катнов шаһарда лицензиясы жоқ мекемелер тапаншалар мен мылтықтарды оңды-солды сатып жатқанын айтты.


"Қылмыскерлер негізінен тапаншаға әуес келеді. Қазір пневматикалық қарулар емін-еркін сатылады. Әсіресе ғаламторда. Осыны шектеу керек. Қатаң талаптар қойылуы керек", - дейді ол.

Мегаполиста кәмелет жасына толмағандар арасындағы қылмыс та белең алған. Осыдан бір ай бұрын "Аққент" шағын ауданында 15 жастағы бозбала суық қарумен бүтін бір отбасын асыраушысынан айырған еді.


Қалалық полиция департаменті болса, қару-жарақты сақтаған 27 жастағы күдіктіні уақытша оқшау абақтысына қамады. Ал оның әрекетін қылмыстық кодекстің 287-бабы, 3-бөлігі бойынша қарастырып, тергеуді бастаған. Оның бұрын бопсалау фактісі бойынша істі болғанын анықтаған.


Ал табылған қарулар сот-баллистикалық сараптамаға жіберілген. Яғни ол қарулардың бұрын қандайда бір қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталмақ.


 


sputniknews.kz




Көрілген: 278    Пікірлер: 0

сенбі, 02.11.2019, 16:36

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30