Қылмыс

"Асаба ісі": Атырау облысында қанды оқиға куәгерлері сотталды

  • https://mstrok.ru/

    https://mstrok.ru/

2019 жылы Атырау облысында асабаны өлтіру фактісі бойынша үш адамға сот үкімі шықты. Бір жылдан кейін бұл іс бойынша қылмыстың куәгерлеріне қатысты тағы бір сот болды, деп хабарлайды zakon.kz.

 

"Ақ жайық" басылымы жазғандай, "Асаба ісі" деген атпен 2019 жылдың наурызында Қызылқоға ауданы Сағыз ауылының үш тұрғыны сотталды. Қайғылы оқиға Сағыз ауылының шетінде болды. Үйлену тойында сотталушылардың бірі Е мен асаба Беркін арасында өзара келіспеушіліктер туындайды. Кейінірек, екеуі достарын жинап, жанжалды шешу үшін ауыл шетінде кездеседі. Төбелес кезінде Е. ас үй пышағын Беркіннің кеудесіне сұғады. Оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

 

Сондай-ақ төбелес кезінде Е-нің жақтастарының бірі 16 калибрлі мылтықтан оқ атып, екі адамды жаралады. Атыс болғаннан кейін бәрі қашып кетті. Атысқан адам ауылдасынан мылтықты жасыруын сұрайды, ол оны үшінші бір адамға тапсырады. Сот үкімімен асабаға пышақ сұққан адам қатаң режимдегі колонияда 11 жылға бас бостандығынан айырылды, оқ атқан адамға 4 жыл берілді, ал мылтықты жасырған адамға 481 000 теңге айыппұл салынды. Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, қылмыстық істі қарау кезінде кісі өлтіру куәгерлерінен куә ретінде жауап алынды. Сотта, белгілі болғандай, алты адам жалған айғақтар берген.

 

Арнайы прокурорлар сотқа дейінгі тергеуді бастады.

 

- Тергеу нәтижесінде алты куәгер де өз кінәсін мойындап, өз әрекеттерін айыпталушыларды жауапкершіліктен босату мақсатында сотта жалған айғақтар бергендігімен түсіндіріп, прокурормен процессуалдық келісім жасасты. Атырау қаласының No2 сотының үкімімен төртеуі кінәлі деп танылып, оларға сынақ мерзімімен 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қалған екеуі кінәсін мойындады, сондай-ақ прокурормен процессуалдық келісім жасалды, деп хабарлады соттағылар




Көрілген: 661    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.10.2020, 17:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30