Қылмыс

Әсел Айтбаеваны зорлау бойынша қазақстандыққа айып тағылды

  • Сурет ашық дереккөзден

    Сурет ашық дереккөзден

Грузия прокуратурасы отандасымыз Әсел Айтбаеваны екі мәрте зорлау дерегі бойынша Қазақстан азаматына сырттай айып тақты, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Күдікті марқұмның алыс туысы боп келеді. Оның бұл іске қатысы барын осыған дейін Әселдің анасы мен әпкесі де айтқан еді.

 

Кейбір мәлімет бойынша, ер адам біздің елімізде болуы ықтимал.

 

Грузияның ішкі істер министрілігінің мәліметі бойынша ол 6 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

Сондай-ақ осы іске қатысты зорлау және өзін-өзі өлтіру халіне жеткізу деректері бойынша Грузия азаматына да айып тағылған. Ол 8 жылдан 10 жылға дейін сотталуы мүмкін.

 

Қазір екінші күдікті қамауға алынған.

 

Айта кеткен жөн, отандасымыз Әсел Айтбаева 5 мамырға қараған түні Грузия астанасында белгісіз жағдайда көз жұмған еді. Ол 9-қабаттың терезесінен құлап кеткен. Марқұмның денесі ол тұрып жатқан үйдің жанындағы құрылыс алаңынан табылған.

 

Сол түні Әселдің құрбысына аудиожазба жібергені белгілі. Онда марқұмға белгісіз ер адамның зәбір көрсетемін деп қорқытқаны жазылған.

 

Қазір бұл іске қатысты тергеу жалғасып жатыр.

 

 

 




Көрілген: 763    Пікірлер: 0

жұма, 14.05.2021, 23:45

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30