Қылмыс

Әсел Айтпаеваның өлімі: күдікті екі айға қамауға алынды

  • Әсел Айтпаеваның өлімі: күдікті екі айға қамауға алынды

    Әсел Айтпаеваның өлімі: күдікті екі айға қамауға алынды

Грузияда қайтыс болған бойжеткен Әсел Айтпаеваның ісі бойынша күдікті деп танылған қазақстандық азамат екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

«2021 жылғы 25 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты азамат М.-ны 2 ай мерзімге, 2021 жылғы 15 шілдені қоса алғанда қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

Қазіргі таңда М. Грузия Республикасында жұмысқа орналастырамын деген сылтаумен пайдалану мақсатында А-ға қатысты мәміле жасады деп күдіктелуде, бұл абайсызда оның өліміне әкеп соққан (ҚК-нің 128-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы)», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, қазақстандық Әсел Айтпаева 5 мамырда Тбилисиде түсініксіз жағдайда қайтыс болған еді. Бойжеткен үйдің 8 қабатының терезесінен құлап кеткен. Оның өліміне қатысы бар деген күдікпен Грузияда ер адам ұсталды. Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Күдіктіге зорлау және адамның ар-намысын кемсіту арқылы өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу сияқты айыптар тағылып отыр.

Сондай-ақ қайғылы оқиғадан екі апта өткен соң Әсел Айтпаеваның алыс туысы саналатын қазақстандық азамат М.-ға прокуратура сырттай айып тақты. Әселді Грузияға жұмыс істеуге шақырған ол туысы Әселді зорлап, артынан жергілікті кәсіпкерге сатып жіберген деп күдіктелуде. Ауыр қылмыс жасады деген күдікпен М. ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын.




Көрілген: 513    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.05.2021, 00:21

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Шілде, 19:26
    Анасын ұрып өлтірді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31