Қылмыс

Ашуға булыққан ене келінін пышақтап тастаған

  • © yarreg.ru

    © yarreg.ru

Өскемен тұрғыны өз келінін пышақтап тастады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Марқұм күйеуінің анасымен кездескен келін енесінен мұндай қадам күтпеген. Екеуі де өткенді еске алып әңгіме-дүкен құруды ойлағанымен, оқиға мүлдем басқаша аяқталған.


Сөз арасында жұбайын жамандаған келін енесінің әбден ашуына тиген. Ақыр соңында енесі пышақты сілтей жөнелген көрінеді. Біреудің аялап отырған қызын бірнеше жерден жаралаған әйел төгілген қанды көргеннен кейін ғана есін жиып, жедел жәрдем қызметін шақырған.


Аталған оқиғаны Өскемен қалалық №2 соты қарады. Айыпталушы өз кінәсін толықтай мойындаған. Ал келіні болса, енесін кешіріп отыр. Сот үкімі бойынша, айыпталушыға 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру және 300 сағаттық мәжбүрлі еңбекке тарту жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, 50 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынды.


Үкім заңды күшіне енген жоқ. 




Көрілген: 2740    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.07.2019, 08:55

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31