Қылмыс

Ашулы ана 3 жасар қызын ұрып өлтірді

  • Сурет ашық дереккөзден

    Сурет ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысында анасы өлімші етіп ұрған 3 жасар қыз қайтыс болып, полицейлер қылмыстық істің бабын қайта ауыстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлда 3 жасар қыз алған дене жарақаттарынан облыстық балалар ауруханасында қайтыс болды. 17 қаңтар түскен сәбидің өміріне дәрігерлер араша түскенімен, аман алып қала алмады.

 

Кәмелетке толмағанның денсаулығына аса ауыр зиян келтіру дерегі бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 106-бабы 2 бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

 

Сәбидің қайтыс болуына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы ҚР Қылмыстық Кодексінің 106-бабы 3 бөлігіне өзгертілді. Бұл бойынша 8-12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

 

Осы қылмысты жасаған қыздың анасы, 1998 жылы туған әйел ұсталып, тергеу изоляторына қамауға алынды.

 

Мамандардың айтуынша, қылмыстық істің аясында тергеу амалдары жүргізіліп, бірқатар сараптама тағайындалды.

 

Қылмыстық істің тергеу барысын СҚО ПД бастығы, СҚО прокуроры бақылауға алды.

 

 

 




Көрілген: 284    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.03.2021, 17:00

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30