Қылмыс

Әскери бөлімнен қару ұрлау ісі: Ұрланған қару-жарақ түгелдей қайтарылды

  • https://polisia.kz/

    https://polisia.kz/

ІІМ мен ҰҚК қызметкерлерінің жедел-тергеу тобы бүгін кіші сержант А. Балғынбайдың сыбайласы әскери бөлімнен қару ұрлаған төртінші қылмыскерді анықтап, ұстады,-деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Ер адам Шымкент қалалық полициясынан танысының үйінде жасырынып жүрген. Одан әскери бөлімнен ұрланған екі “Макаров” тапаншасы мен травматикалық тапанша тәркіленді.

 

Бұрын ведомствоаралық топ қызметкерлері сержанттан атыс қаруын сатып алған әскери қызметшінің тағы үш досын ұстады. Қылмыс жасағаннан кейін барлық күдіктілер бөлініп, полициядан жасырынып жүрген. Сондықтан ұстау бірнеше аймақта: Алматы, Шымкент және Түркістан облыстарында жүргізілді.

 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қылмысқа қатысы бар барлық адамдарды анықтап, ұстау ғана емес, сондай-ақ олар ұрланған барлық қаруды тәркілеуге мүмкіндік туды. Бұл-29 “Калашников” автоматы және 28 “Макаров” тапаншасы, травматикалық тапанша және 2 дана пышақ.

 

Бүгінгі таңда қаруды қылмыстық мақсатта пайдалану қаупі жоқ деп сеніммен айтуға болады. Осы қылмыстық істер бойынша күдіктілер ретінде жалпы алғанда 8 адам жауапкершілікке тартылады: төрт әскери қызметкер, оның ішінде дивизион командирі, тағы төрт азамат А. Балғынбай сыбайласы.

 

ІІМ Тергеу департаментінің әскери-тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда.

 




Көрілген: 350    Пікірлер: 0

жұма, 28.02.2020, 08:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30