Астана медицина университетінің экс-проректоры пара алғаны үшін сотталды

27 шілде 2022, 18:44

Астана медицина университетінің экс-проректоры парақорлық фактісі үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының №2 соты үкімімен «Астана медицина университеті» КЕАҚ проректоры М. Дәулетьярова қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде мерзімін өтеумен 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол жеке компаниялардың басшысы Э. Гриценкодан электронды кітаптарды жеткізудегі жалпы қамқорлығы үшін 10 000 АҚШ доллары сомасында пара алғаны үшін, сондай-ақ делдал М. Қапаров арқылы ректор лауазымына тағайындау үшін 47 000 АҚШ доллары сомасында пара беруге әрекет жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот Гриценконы 3 жылға бас бостандығынан, делдал Капаровты 7 жылға бас бостандығынан айыруды тағайындады», - делінген ресми хабарламада. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 inform.kz