Астана соты қаржы пирамидасының басшысын шартты жазаға кесті

03 тамыз 2023, 17:47

Астанада тағы бір қаржы пирамидасының басшысы 6 жылға шартты түрде сотталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

«Sincere Systems» (синсере системс) деп аталатын ұйымның өкілі өзін криптовалюта биржасымен серіктес ретінде таныстырған.

 

Азаматтарды сендіру үшін сайт ашып, жеке кабинет арқылы жұмыс істеген.

 

Тергеушілердің мәліметінше, сол онлайн алаңда тұрғындардан иемденген қаржының виртуалды баламасын орналастырып отырған.

 

Қаржы пирамидасын құрған азамат тұрғындардан жалпы сомасы 200 млн теңге жинаған, дейді мамандар.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz