Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Астана тұрғыны теракт жасамақ болған - ҰҚК

21 желтоқсан 2022, 14:55

Астана тұрғыны теракт жасауға дайындалғаны үшін 15 жылға сотталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды.

ҰҚК мәліметінше, елорда тұрғыны "Ш"-ға қатысты Астана Сарыарқа аудандық сотының шешімі заңды күшіне енген.

 

"Сот оның терроризм актісіне дайындалу, террористік әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды даярлау, сонымен қатар, терроризмді, билікті басып алу және ұстап тұруды, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді насихаттау деректері бойынша кінәсін дәлелдеді", - делінген хабарламада.

 

Ол 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

 

Астана қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық алқасымен сот үкімі өзгеріссіз қалдырылған.