Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Астанада енесі келінін өлімші етіп сабаған ұлын қорғау үшін, алғашқы көмектен бұрын, еденде судай аққан қанды тазалап әуре болған

23 желтоқсан 2022, 12:18

Астана тұрғынын күйеуі балалардың көзінше өлердей сабап, мүгедек қылып қойды. Бұл туралы «НеМолчиKZ» қоғамдық  қоры мәлімдеді. Оқиға осы жылдың наурыз айында болған. Әйелдің сөзінше отбасылық жанжал кезінде күйеуі бірден қатты затпен желке тұсынан ұрып құлатқан.

«Сол сәтте құлап қалдым ол арқамнан тоқтаусыз тепті, басым мен бетімнен жұдырықтап тоқтаусыз соқты. Мен тоқтауын өтініп жалындым, ол мені тыңдаған жоқ. Ол ашумен бір жерге 20-25 соққы жасады. Бұл төбелестің барлығы балалардың көзінше болды. Олар қорыққаннан жылап, шарасыз күйде қарап тұрды. Күйеуім үйден шығып кетті. Мен кіреберісте қан-жоса болып, өзімен аққан қанның бетінде  тұра алмай жаттым. Сүйретіліп телефонға барып, анама қоңырау шалып үлгердім. ол дереу жедел жәрдем мен  полиция шақырды»,-дейді әйел.

Дәрігерлер келмей жатып әйелдің ата-енесі мен қайын інісі келген. Енесі үйге кіре салып дәліздегі көл болып жатқан қанды тазалауға кірісіп кеткен.

«Жедел жәрдем келген кезде енем менде бәрі жақсы екенін, өзінің дәрігер екенін әрі қарай өзі қарайтынын айтты. Полиция енемнің сөзіне ашуланып, бөлмені босатуын сұрады. Осыдан кейін дәрігерлер мені киіндіріп, басымды тігу үшін ауруханаға алып кетті. Сол жерде басымды КТ-ға түсіріп. басымдағы жыртылған аймақты тікті»,- дейді әйел.

Әйел сол кезде ауруханаға түскеннен кейін басына екі рет ота жасалған. Ауруханадан шыққан кезде ол үнемі басының қатты ауыратынын, басы айналып, жүрегі айныйтынын, көзі қарауытып, шаншып ауыратынын, бет сүйегі қақсатынын айтқан. Дәрігерлер әйелдің сол жақ бетінде нерв талшықтары  ештеңе сезбей қалғанын, бір көзі мұрынға қарай тартып, жауылып қалатынын айтқан.

«Емханадан шыққаннан кейін Корея, Израил, Түркия  дәрігерлеріне хабарласып едік, олар үш апта өтіп кеткенін, ешқандай көмек бере алмайтындарын айтты. Енді жалғыз Ресей ғана емдеуге әзір екенін айтты. Барып бет сүйегімді трансплантация жасады. Қазір өзімді күтетін бір адам керек, сол үшін балаларыммен бірге анамның үйінде тұрып жатырмын»,- дейді келіншек.

Әйелдің сөзінше 2022 жылдық сәуір айынан бері күйеуі тергеу абақтысында жатыр. Бірақ осы күнге дейін сот болмапты. Жәбірленуші Баспрокуратура мен Денаулық сақтау министрлігінен осы істің жабылып кетпеуін өтініп, көмек сұрайды. Сөзінше  енесі дәрігерлер экспертизасына араласып, жазаны жеңілдетіп жіберуі мүмкін.

kyn.kz