Қылмыс

Ата-анасы шетелге оқысын деп жіберген ақтөбеліктің тағдыры талқандалды

  • © CC0 / Beatrice Schmuki

    © CC0 / Beatrice Schmuki

Діни ағымды насихаттағаны үшін 31 жастағы қазақстандық бес жылға сотталды. Ол жазасын Ақтөбе облысындағы КА-168/2 қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеп жатыр.

 

Ер адам Сауд Арабиясындағы университеттердің бірінде оқыған. Содан кейін елге келіп, дәстүрлі емес діни ағымды насихаттаған.

 

"Екі жыл бұрын студент туған қаласына жазғы демалысқа келген. Дөңгелек ауыстыратын ғимаратта діни сабақтар өткізіп, дәстүрлі емес діни ағымды ашық насихаттаған", - деп хабарлады Polisia.kz.

 

Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің хабарлауынша, сот оны Қылмыстық кодекстің 256-бабының 1-бөлігі (терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру) бойынша бес жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

 

Бұл бап мүлкін тәркілеп, бес жылдан тоғыз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

 

"Қазір "Ақниет" қоғамдық қорының және "Аңсар" ақпараттық-талдау орталығының мамандары, сондай-ақ мешіт имамдары осы сотталған адамды оңалтуға бағытталған іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп тұрады", - деп хабарлады Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 2445    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.05.2021, 17:35

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Шілде, 19:26
    Анасын ұрып өлтірді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31