Атырау облыстық полиция департаменті көші-қон қызметінің басшысы ұсталды

01 мамыр 2022, 10:11

Атырау облыстық полиция департаменті көші-қон қызметінің басшысы ұсталды. Бұл ақпаратты облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Azattyq Rýhy"-на сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті көші-қон қызметінің басшысы пара беруге арандатушылық жасады деген күдікке ілінген.

 

Тергеу мәліметіне сүйенсек, күдікті ағасымен бірге елден шығарылу қаупі төнген Молдова Республикасының азаматынан Атырау қалалық сотының судьясына пара беруді сұраған.

 

Полиция полковнигіне 6 мың доллар көлемінде параны рекрутингтік агенттіктің директоры жеткізіп берген.

 

Алайда  шетелдік валюта судьяға жеткізілмеген.

 

 «Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 28-бабының 4-бөлігімен, 367-баптың 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметі.