Қылмыс

Атырау облысында аурухана директоры студент баласына 2 миллион теңге «жалақы» берген

  • Атырау облысында аурухана директоры студент баласына 2 миллион теңге «жалақы» берген

    Атырау облысында аурухана директоры студент баласына 2 миллион теңге «жалақы» берген

Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының директоры, бірнеше жыл аудандық мәслихаттың депутаты болған Гүлсара МУТИЕВА бюджет қаржысын талан-таражға салғаны үшін айыпталды, - деп жазды azh.kz.

Оған қызметін өз мүддесіне пайдаланып, заңсыз әрекеттерге жол берді деген айып тағылды. Ол бақшашының күнделікті жұмысқа келмеуіне «кеңдік» танытып, міндетті жұмысын атқармайтынына көз жұма қараған. Ал оған жалақының дер кезінде аударылуын қадағалаған. Осылай еркінсіп жүрген 19 ай ішінде ол 600 мың теңгеден астам еңбекақы алған. Бұдан басқа, өзінің баласын ауруханаға тазалықшы жұмысына орналастырған. Ал ол сол кезде Алматыдағы университетте оқып жүрген. Тергеу барысында Мутиеваның ұлының 2020 жылдың тамызынан бастап 2021 жылдың маусымына дейінгі аралықта 2 млн теңгеден астам жалақы алғаны белгілі болды.

Құрманғазы аудандық сотының судьясы Б. Менситова сотталушы Г. Мутиеваны ҚР ҚК 361 бабы 1 бөлігі, 189 бабы 3 бөлігінің 2-ші тармағымен кінәлі деп тапты. ҚР ҚК 58 бабы 3-ші бөлігінің негізінде онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен судья Мутиеваға мемлекеттік қызметте, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субьектілерінде лауазымдарды атқаруға өмір бойына айыра отырып, бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеуге үкім етті.  

sn.kz




Көрілген: 1594    Пікірлер: 0

сенбі, 27.11.2021, 01:40

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31