Қылмыс

Атырау облысында бір жылда полицияға 840 әйел арызданған

  • Атырау облысында бір жылда полицияға 840 әйел арызданған

    Атырау облысында бір жылда полицияға 840 әйел арызданған

Атырау облысында бір жылда полицияға 840 әйел арызданған, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, былтыр отбасында зардап шеккен 840 әйелден арыз түскен. Сондай-ақ, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 73-бабымен (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) 1318 әйелге қатысты жасалған құқық бұзушылық анықталған.

«Былтыр ішкі істер органдарының қызметкерлері «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйел адамдарға көмек көрсету» бөлімшесіне 79 адамды орналастырды. Оның ішінде 25 әйел 54 жасөспірім бар. Қазір аталған бөлімшеде 4 әйел адам мен 8 жасөспірім тұрып жатыр. Аталған бөлімшеден 450 (116 заңгерден, 55 психологтан және 279 әлеуметтік қызметкерден) әйел адам құқықтық кеңес алды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, ҮЕҰ өкілдері мен волонтерлердің қатысуымен тұрғындар арасында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының әрекет ету алгоритмін түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Полицейлер «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйел адамдарға көмек көрсету» бөлімшесінен шыққан адамдардың тұрмыстық жағдайын тексеру үшін локальды-рейдттік іс-шаралар өткізілген.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда отбасындағы кикілжіңнен соң 7 жасөспірім үйінен кетіп қалғанын хабарлаған болатынбыз.




Көрілген: 600    Пікірлер: 0

сенбі, 27.02.2021, 01:28

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30