Қылмыс

Атырауда 13 жасар қыз өгей әкесінен жүкті болып қалған

  • © versiya.info

    © versiya.info

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі, яғни "Кәмелетке толмаған жеткіншекті зорлау туралы" қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды kaz.zakon.kz.


Сотта анықталғандай, сотталушы өзінің кәмелетке толмаған өгей қызын жеті ай бойы зорлаған.


- Сотталушы мен жәбірленушінің анасы заңды түрде некеге тұрған, ал 13 жастағы жәбірленуші әйелдің соңынан ілесіп келген бала екен. Сотталушы өгей қызына заңды түрде аты-жөнін беріп, оны өз баласы деп таныған. Сотталушы әйелінің жоқтығын пайдаланып, өгей қызын зорлап келген, деп хабарлады Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.


Қыз бала өгей әкесінен қорыққандықтан басындағы қиын жағдай туралы ешкімге тіс жарып ештеңе айтпаған. Бұл масқара жайт оқушы қыздың екіқабат екені анықталғанда белгілі болды. Содан кейін ғана анасы дереу полицияға шағымданған.


Сот өгей әкені ҚР Қылмыстық Кодексінің 120-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, оған15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.


Әйел сотталушыдан тағы екі қыз туған.


Сот үкімі заңды күшіне енді.


 




Көрілген: 1093    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.09.2019, 08:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31