Қылмыс

Атырауда 4 айлық сәбиін аяусыз пышақтап өлтірген әйелге қатысты сот процесі басталды

  • Атырауда 4 айлық сәбиін аяусыз пышақтап өлтірген әйелге қатысты сот процесі басталды

    Атырауда 4 айлық сәбиін аяусыз пышақтап өлтірген әйелге қатысты сот процесі басталды

Атырауда 4 айлық сәбиін 38 рет пышақ тығып өлтірген келіншекке қатысты сот процесі басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

 
Алайда 42 жастағы әйел сот отырысына қатысқан жоқ. Себебі, қазір ол сот психиатриялық сараптама қорытындысына сәйкес арнайы орталықта емделіп жатыр. Ал күйеуінің айтуынша, бұрын да әйелі шақалақты тұншықтырғанын мойындаған.

Елдің үрейін ұшырған жантүршігерлік  оқиғаға қатысты істі қылмыстық істер жөніндегі   мамандандырылған ауданаралық соты қарап жатыр. Айыптау актісін оқыған прокурордың сөзінше, келіншектің туған сәбиін өлтіруге нәрестенің қайта-қайта жылауы себеп болған.

«Жылай беріп, жұбатқанға көнбегендіктен күдікті Байкиева ашулы күйге түсіп, дәрменсіз күйдегі жас балаға қарсы қасақана қазаға ұшырату, яғни өлтіру мақсатында асхана бөлмесіне барып, қолына ағаш сапты асхана пышағын алғаннан кейін кері қонақ бөлмесіне келген. Осы сәтті  нәресте Құрманбай жылауын қоймағасын өзінің қылмыстық пиғылын жүзеге асыру үшін дәрменсіз күйде екенін біле тұра қолындағы пышақпен кеуде тұсынан бірнеше рет қасақана сұғып алған», - деді мемлекеттік айыптаушы Нұрболат Әбілов.
Нәрестенің әкесінің айтуынша, әйелдің бойында бала босанғаннан кейін түсініксіз жағдайлар пайда болған. Үйінен безіп, төркінге кетуі жиілеген. Қара нәрсе бар деп қорыққандықтан, бақсыларға көрсетіп, мал сойып, құран да оқыттық дейді. Тіпті әйелі бір рет шақалақты жастықпен тұншықтырғанын да мойындапты.

«Көршінің үйінде отырғанмын. Шауып келді. Мен баланы тұншықтырдым деп. Екеуміз үйге жүгірдік. Бала жылап жатыр. Аайналада көпшік, ештеңе жоқ. Баланы көтеріп алдым. Өзім бірге жыладым», - дейді күдіктінің жұбайы.
Қанды оқиға болған күні ол отбасылық шаруалармен аудан орталығына кеткен. «Әйелім жалғыз сәбиін әдейі өлтірген жоқ» дейді, сондықтан оны кешіретінін айтты. Сотқа күдікті қатысқан жоқ. Ол сот шешімімен психикалық денсаулық орталығында мәжбүрлі ем қабылдап жатыр.

«Параноидты шизофрения, халықаралық статистикалық жүктеме бойынша F20 созылмалы психикалық бұзылуынан зардап шеккен және қазіргі кезде де зардап шегеді деген диагноз қойылған. Қылмыс жасаған кезде өзінің іс-әрекетімен қоғамға қауіп туғызатынын ұғына  алмады. Бірақ өзіне ие бола алмаған», - деді Атырау облыстық Қылмыстық істер жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Зарина Хамидуллина.
Ал дәрігерлер науқастың қазіргі жағдайы тұрақты дейді. Тіпті жиі-жиі ауруханадан қашан шығаратынын сұрап қоятын көрінеді.

«Бізге 20 тамыздан бастап түскен. Қазіргі жағдайы бірқалыпқа келді. Бірақ психикалық бұзушылықтары бар», - дейді Атырау облыстық Психикалық денсаулық орталығы директорының орынбасары Дамир Қожантаев.
Естеріңізге салайық, қатыгез оқиға осыдан бес ай бұрын Құрманғазы ауданындағы Көптоғай ауылында болды. 4 айлық нәрестені туған анасы асхана пышағымен бір емес, бірнеше жерден тілгілеп тастаған. Сотта оқиғаға куә болған көршілерінен де жауап алынуда.  




Көрілген: 693    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.09.2021, 01:05

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31