Қылмыс

Атырауда арбаға таңылған ер адамды 10 жыл бойы құлдықта ұстаған

  • © WeapoNews.com

    © WeapoNews.com

Атырауда арбаға таңылған ер адамды 10 жыл бойы құлдықта ұстаған, - деп хабарлайды ATPress.


Әлеуметтік желіде мүмкіндігі шектеулі ер адамның құлдықта отырғаны туралы бейнежазба жарияланды. Өзін Түркістан облысының азаматымын деп таныстырған видео авторы вокзал маңында қайыр сұрап отырған ер адамның оқиғасы жайлы баяндап, арбаға таңылған жігіттің құлдыққа қалай тап болғанын сұраған.


Оның айтуынша, 2010 жылы оны асыраушылар Атырауға алып келген. Содан бері оны алдап, құлдықта ұстаған. Күн сайын көшеде қайыр сұрап, тапқанын асыраушыларына беретінін айтады.


Осы іске қатысты полиция департаментінің өкілдері пікір білдірді.


"Бейнежазбаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 126-бабымен қылмыстық іс тіркелді. Оқиғаның мән-жайы анықталып, тексеру шаралары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды", - деді полиция өкілдері.


 


Тengrinews.kz




Көрілген: 747    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.04.2019, 14:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30