Қылмыс

Атырауда балабақша тәрбиешісі баланы ұрып соғып, тепкінің астына алған

  • Атырауда балабақша тәрбиешісі баланы ұрып соғып, тепкінің астына алған

    Атырауда балабақша тәрбиешісі баланы ұрып соғып, тепкінің астына алған

Әлеуметтік желіде атыраулық балабақшада түсірілген жұрттың жағасын ұстатарлық видео таралды. Бейнежазбада тәрбиешінің балабақшадағы бүлдіршінді аямай ұрып жатқаны байқалады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"2019 жылы 18 қарашада Атыраудағы "Алтын балық" балабақшасының тәрбиешісі менің баламды бірнеше соққының астына алғаны белгілі болды. Балабақшада түсірілген 25 бейнежазба бар. Алайда мекеме қызметкері әлі балалармен жұмыс істеп жүр", - деп жазыпты баланың әкесі. 

 
Ер азаматтың сөзінше, олардың шағымданбаған жері жоқ. 

"1 жылдан астам уақыт өтсе де, еш нәтиже жоқ. Прокуратура да, қалалық полиция бөлімі де қол қусырып отыр. Бұл 13 ай біздің отбасымыз үшін қиынға соқты. Біз ата-ана ретінде әділдік орнап, тәрбиешіні жауапқа тартуды сұраймыз", - деп қосты ол. 

Бұл үндеуін атыраулық азамат Қазақстанның бас прокуратурасына, Ішкі істер, білім және ғылым, еңбек және әлеуметтік қорғау министрлеріне, Атырау облысының әкімі мен балалар құқығы жөніндегі өкілетті уәкіл Аружан Саинға жолдаған. 

Өз кезегінде құзырлы органдар бұл оқиғаға қатысыт пікір білдірі. 

"№20 "Алтын балық" балабақшасында тәрбиеші баланы ұрып соққан. Арыз бүлдіршіннің ата-анасынан түсті. Қазіргі таңда шағым білім беру саласының бақылау департаментінде тіркелді. Балабақша тәрбиешісіне айыппұл салынып, жұмыстан қуылды. Қазіргі таңда іс ІІМ қаралуда", - делінген ресми хабарламада. 




Көрілген: 342    Пікірлер: 0

жұма, 18.12.2020, 18:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31