Қылмыс

Атырауда бірнеше адамды алдап, ақшасын алған алаяқ әйел 37 айға сотталды

  • Атырауда бірнеше адамды алдап, ақшасын алған алаяқ әйел 37 айға сотталды

    Атырауда бірнеше адамды алдап, ақшасын алған алаяқ әйел 37 айға сотталды

Атырауда бірнеше адамды алдап, ақшасын алған алаяқ әйел 37 айға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қалалық полиция басқармасының тергеушісі, полиция аға лейтенанты Нұрболат Ерсұлтанның мәліметінше, жергілікті азаматша бірнеше адамды алдаған.

«Алдымен былтырғы тамызда танысына Атырау қаласындағы Нұрсая шағынауданынан 3 бөлмелі пәтер алып беруге уәде етіп, 800 мың теңге ақшасын алған. Кейін қарашада тағы бір азаматшамен танысып, оған да 4 бөлмелі пәтер алып беремін деп 495 мың теңгесін алған. Бұдан соң биылғы қаңтарда WhatsApp желісінде жер телімінің жарнамасы арқылы жергілікті азаматпен танысқан. Сол азаматқа «Самал» шағын ауданынан жер телімін алуға көмектесу үшін 750 000 теңге сұраған» -дейді Нұрболат Ерсұлтан.

Оның айтуынша, алаяқ әйелге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 3-бөлігі, 4-тармағымен тергеу амалдары жүргізіліп, іс сотқа жолданды.

Сот шешімімен алаяқ әйелге 3 жыл 1 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушы жәбірленушілерге келген залалды өтеп беруі тиіс.

«Төмен бағамен, немесе кезектен тыс үй алып беремін деген алаяқтар көбіне өзін мемлекеттік қызметші ретінде таныстырып, жәбірленушілердің сеніміне кіреді. Тіпті болашақта алатын үйді көрсетеді. Өзге адамдарға осындай үй алып бергені туралы өтірік айтады. Мұндай алаяқтардың құрбаны болмас үшін әкімшілікке не болмаса «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ жергілікті филиалына жүгіну қажет. Сондай-ақ, алдын ала төлем жасауға жол бермеген жөн» - дейді Нұрболат Ерсұлтан.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 20 жастағы алаяқ үш жыл бойы мәжбүрлі еңбекке тартылатынын жазған едік.




Көрілген: 501    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.07.2021, 10:15

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30