Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Атырауда екі баланың анасы кәмелетке толмағандарға притон ұйымдастырған

29 қазан 2020, 15:25

Атырауда екі баланың анасы кәмелетке толмағандарға қатысты притон ұйымдастырғаны үшін жазаланды деп хабарлайды azh.kz.

 

2015 жылдың қыркүйегінде сот 32 жастағы азаматшаны ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) және 132-бабы (Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға тарту) бойынша кінәлі деп тауып, оны 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын кескен еді.

 

- Алайда сот сотталушының екі кішкентай баласы бар екенін ескеріп, оның жаза өтеу мерзімін 5 жылға шегерді, - дейді Атырау қалалық пробация қызметінің инспекторы Айзере ДӘУЛЕТБАЕВА.

 

2020 жылдың қазан айында бұл мерзім аяқталғаннан кейін жеңгетай УГ-157/9 мекемесіне (әйелдер колониясы) жіберілді. Балаларын туысы қамқорлыққа алды.