Қылмыс

Атырауда екі қызын тастап кеткен әйелді полиция іздестіріп жатыр

  • Атырауда екі қызын тастап кеткен әйелді полиция іздестіріп жатыр

    Атырауда екі қызын тастап кеткен әйелді полиция іздестіріп жатыр

Атырау қаласында 35 жастағы әйел екі қызын жалдамалы пәтерге тастап кеткен.

Бұл туралы облыстық Полиция департаменті хабарлады.
Жұмыссыз әйел 2019 жылдан бері қаладағы Тельман көшесінде пәтер жалдап тұрған.

Атырау қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Ерлан Биғамбаев: «Әйел 5 және 3 жасар қызын жалдамалы пәтерде қалдырып, өзі кетіп қалған. Бұл туралы полицияға әйелдің Ақтау қаласында тұратын 18 жастағы үлкен қызы хабарлады. Анасы оған қоңырау шалып, жалдамалы пәтердегі екі сіңлісіне қарауды тапсырған. Бірнеше күннен бері әйелден хабар болмады. Оны танитындар соңғы рет 5 қарашада Дүтбаева көшесіндегі жалдамалы пәтерлердің бірінен көрген», &ndash дейді.
Полицейлер тексеру кезінде бұдан бұрын да әйелдің «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бабымен әкімшілік жауапқа тартылғанын анықтаған.

«Екі қызды қайтадан бейімдеу орталығына орналастырды. Балаларын тастап кеткен әйелге қатысты жинақталған құжаттар ата-ана құқын шектеу туралы мәселені қарау үшін кәмелетке толмағандардың құқын қорғау жөніндегі комиссияға жіберілді», &ndash деді Ерлан Биғамбаев.

aikyn.kz




Көрілген: 290    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.12.2020, 10:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31