Қылмыс

Атырауда ер адамға өгей қызын зорлады деген айып тағылды

  • Атырауда ер адамға өгей қызын зорлады деген айып тағылды

    Атырауда ер адамға өгей қызын зорлады деген айып тағылды

Атырауда ер адамға 13 жастағы өгей қызын зорлады деген айып тағылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.

Оқиға туралы "НемолчиKZ" қоғамдық қоры Facebook желісіндегі парақшасында жазды. Олардың мәліметінше, оқушы қызды өгей әкесі бірнеше жылдан бері зорлаған. Кезінде өгей әкенің ағасына да педофил деген айып тағылған, бірақ судя оны кінәсіз деп босатқан.

"Қазір Атырауда 13 жастағы қыздың жағдайы қиын. Педофил-өгей әкесі күнде оған және анасына қауіп пен аудиохабарлама жолдайды. Баланың психикасы шаршаған! Ол оның ағасы жазадан құтылғанын біледі және бірнеше жылдан бері зорлаған соң бала әбден қорқып қалған. "Қорқу" деген жұмсақ айтылған десек те болады. Оның салған суреттеріне қарап, біз қыз үшін нағыз сұмдық екенін көріп отырмыз. Психологтар дабыл қағып, психиатрлардың көмектесуін сұрап отыр", - деп жазды қор өкілдері.
 
Қордың мәліметінше, қыздың анасы - отбасында жалғыз асыраушы. Онымен бірге тағы үш баласы бар. Бірақ үлкен қызын қалдырудан қорыққаннан жұмыс істей алмайды. Бұрынғы күйеуінің отбасы оларды көшеде қалдырып кеткен. 

Қор өкілдері Атырау облысы Полиция департаментінің басшысы Хамза Үмбетқалиевке қыздың өгей әкесін қамауға алу туралы өтінішпен жүгінген.

Атырау облысы ПД баспасөз қызметіндегілер аталған дерек бойынша ҚР ҚК 121-бабы 4-бөлігіне сәйкес (Кәмелетке толмаған балаға қатысты сексусалды сипаттағы зорлық әрекеттер) сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді. 

"Қазір шұғыл-тергеу шаралары жргізіліп жатыр. Істі жан-жақты, толық және шынайы тергеу үшін сот сараптамалары тағайындалды. Соның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім шығарылады. Департамент басшылығы қылмыстық істің тергелуін жеке бақылауына алды", - деп мәлімдеді полициядағылар.




Көрілген: 465    Пікірлер: 0

жұма, 20.11.2020, 09:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31