Қылмыс

Атырауда интернет алаяқтықпен айналысқан жасөспірім ұсталды

  • https://polisia.kz/

    https://polisia.kz/

Атырау облысының полицейлері әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жолмен ​ақша алған жасөспірімді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

21 маусым күні Атырау облысы Исатай АПБ-на жергілікті тұрғын арызданады.

 

Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу оны инстаграм желісіндегі “АЙБЕК КӨМЕК” парақшасы арқылы “Kiwi”​ әмиянына 40 мың теңге аудартып алған. Онымен қоймай, жәбірленушінің “HalykBank” картасы мен сәйкестендipу нөмірін фотомен алдыртып есепшотынан 385 мың теңге ақшасын иемденіп алған.

 

Полиция қызметкерлері жан-жақты іздестіру жұмыстары барысында қылмысқа күдіктіні анықтады.

 

Жақында Атырау полицейлері Түркістан облысының 2003 жылы туған тұрғынын ұстады. Кәмелет жасына толмаған жасөспірімнің осыған ұқсас басқа да алаяқтық қылмыстарына қатыстылығы тексерілуде.

 

Тергеп-тексеру Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша жүргізілуде.

 




Көрілген: 303    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.09.2020, 14:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31