Қылмыс

Атырауда интимді қызмет көрсетіп жүрген екі трансвестит жігіт ұсталды

  • Атырауда интимді қызмет көрсетіп жүрген екі трансвестит жігіт ұсталды

    Атырауда интимді қызмет көрсетіп жүрген екі трансвестит жігіт ұсталды

Атырауда ақша үшін секс қызметін ұсынған ақтөбелік екі трансвестит жігіт ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінен хабарланды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тәртіп сақшылары Қазақстанда 14 қарашаға дейін жүріп жатқан «STOP-трафик» тексерісі аясындағы кезекті «құрықтаулар» туралы айтты. Сонымен, 11 қарашада учаскелік инспекторлар 25 пен 29 жас аралығындағы 13 жезөкшені анықтады. Қыздар Атырауға еліміздің әр қаласынан - Қызылорда, Ақтау, Шымкенттен келген. Интимді қызмет көрсету үшін олар Махамбет көшесі, Азаттық даңғылы, сондай-ақ «Привокзальный» және «Алмагүл» шағын аудандарында пәтерлерді арнайы жалға алды.

 
Сонымен қатар, өткен кеште полиция жыныстық қызмет көрсететін ақтөбелік екі трансвестит жігітті ұстады.

Интимдік қызмет көрсету саласының барлық өкілдеріне қатысты Қазақстан Республикасы әкімшілік кодексінің 449-бабы (Қоғамдық орындарда қудалау) бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды. Ескертулер берілді.

Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері енді жалдамалы пәтер иелерімен айналысатын болады. Атырауда анықталған жеңіл жүрісті қыздар саны өсті.

Облыс орталығында 18 коммерциялық секс-жұмыскер анықталды, оның ішінде шетелдік әйелдер де бар. Сондай-ақ, кәмелетке толмаған қыз Алматыда пәтерде жыныстық қызмет көрсетіп жатқан жерінен ұсталды. 




Көрілген: 1080    Пікірлер: 0

жұма, 13.11.2020, 01:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31