Қылмыс

Атырауда жасөспірімдер кішкентай балаға оқ атқан

  • Атырауда жасөспірімдер кішкентай балаға оқ атқан

    Атырауда жасөспірімдер кішкентай балаға оқ атқан

Атырауда жасөспірімдер кішкентай балаға травматикалық тапаншамен оқ атқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 1 қыркүйекте сағат 20:00 шамасында болған. Баласына оқ атылғаны туралы атыраулық әйел полицияға шағымданған. 

 
“Тексеру кезінде Атырау қаласының СМП-136 шағын ауданындағы №4 үйдің ауласынан 12 жасар екі жасөспірім анықталды. Жасөспірімдердің теріс қылығы үшін 5 ата-анадан жазбаша арызы алынды. Сондай-ақ, пластик оқ атылатын ойыншық тапаншалардың суық қаруға жататынын анықтау мақсатында сараптама тағайындалды", – делінген ПД хабарламасында.

Оқ атқан жасөспірімдердің ата-аналарына қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 1-бөлігімен (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оларға білім беру, олардың құқықтарымен және мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) хаттама толтырылды.

Жинақталған іс құжаттары мамандандырылған кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сотқа жолданады.




Көрілген: 386    Пікірлер: 0

бейсенбі, 02.09.2021, 08:24

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31