Қылмыс

Атырауда қанды қылмыстан кейін 7 бірдей полицей лауазымынан айырылды

  • Атырауда қанды қылмыстан кейін 7 бірдей полицей лауазымынан айырылды

    Атырауда қанды қылмыстан кейін 7 бірдей полицей лауазымынан айырылды

Атырауда ер адам әйелдің басынан балғамен ұрып, кейін өзі асылып қалған болатын. Бұл қанды қылмыстан соң жеті бірдей полиция қызметкері лауазымынан айырылды деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Телеарнаның мәліметінше, бір ай бойы зорлық құрбаны болған келіншектің әпкесі бауырына зорлық көрсеткен ер адамға тосқауыл бола алмаған құқық қорғаушыларды қатаң жазалауды сұрап отыр.

Айтуынша, алғаш рет соққыға жығылған күннен бастап, сіңлісі де, өзі де бірнеше рет полицияға шағым түсіріпті.

Бірақ учаскелік полицей қылмыскерді жазалауға асықпай, ақыр соңы қайғылы жағдайға ұласты дейді марқұмның әпкесі.

"Мен сол кезде учаскелік полицияға бірнеше рет қоңырау соқтым. Мен екінші рет қоңырау шалғанда ол ашуланып, "мен енді ұшып барайын ба, ол сіңліңді өлтірмейді, мен адамдарды жібердім" деді. 2-3 минуттан соң ортаншы жиенім "Алиса әпке, тезірек кел, ол анамды балтамен ұрды" деді. Негізі балғамен соққан. Бала айыра алмаған. "Мамамнан қан ағып жатыр" деді. Мен ішкі істер министрінен қалалық полиция басшысынан бастап, осы іске қатысы бар учаскелік полицей, тергеушілерге дейін қатаң жазалауын талап етемін", - дейді жәбірленушінің әпкесі Алиса Сатанова.

Бұл жайтқа қатысты пікір білдірген Атырау облысы полиция департаменті басшысының орынбасары Болат Көшқалиевтің сөзінше, аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Яғни ауыр дене жарақатын салу, зорлау және өзгенің мүлкіне қол сұғу баптары бойынша.

Ал қызметтерінде заң бұзушылыққа жол берген полиция қызметкерлері қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

"Яғни лауазымдарынан босатылды. Сондай-ақ, Қылмыстық кодекстің "Салғырттық" бабы бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде", - дейді Болат Көшқалиев.

Естеріңізге салайық, жантүршігерлік оқиға туралы ең алдымен әлеуметтік желіде "Не молчи" қоғамдық қозғалысы дабыл қаққан болатын.

Бір ай бойы келіншектің қыр-соңынан қалмай, ұрып-соғып, зорлық-зомбылық көрсетіп келген 37 жастағы қала тұрғыны оның үйіне баса-көктеп кіріп, әйелді балғамен соғып, өзі асылып қалған. Зардап шеккен әйел әлі ауруханада жатыр.

Әпкесі Алиса Сатанованың сөзінше, сіңлісі ер адаммен Instagram желісінде танысқан. Сөйлесіп жүргенімен, болашақта бірге тұру туралы жоспары мүлде болмаған дейді ол.

kaz.nur.kz




Көрілген: 2448    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.04.2021, 10:22

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30