Қылмыс

Атырауда көлігіне жалған нөмір тағып алған мас жүргізуші ұсталды

  • Атырауда көлігіне жалған нөмір тағып алған мас жүргізуші ұсталды

    Атырауда көлігіне жалған нөмір тағып алған мас жүргізуші ұсталды

Атырауда мас жүргізуші жасанды нөмірі бар көлікті жүргізген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

10 қараша сағат 03:00 шамасындатпатрульдік полиция қызметкерлері мемлекеттік белгісі күдік тудырған «Toyota Avalon» автокөлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде көлікке тағылған мемлекеттік белгінің жасанды екені анықталды.

Шетелдік көлікті тізгіндеген 23 жастағы жүргізушінің орташа мас болғаны дәлелденді.

«Бұл азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 590-бабының 4-бөлімі және 608-бабы 1-бөліміне сәйкес жинақталған құжаттар Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды» деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сот қаулысымен мас жүргізуші 7 жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда бір аптада 1000-нан астам жол ережесі бұзылғанын жазған болатынбыз.




Көрілген: 430    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.11.2020, 09:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31