Қылмыс

Атырауда көліктің мемлекеттік нөмірін маскамен жапқан жүргізуші ұсталды

  • Атырауда көліктің мемлекеттік нөмірін маскамен жапқан жүргізуші ұсталды

    Атырауда көліктің мемлекеттік нөмірін маскамен жапқан жүргізуші ұсталды

Атырауда көліктің мемлекеттік нөмірін медициналық маскамен жапқан 16 жастағы жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"4 қаңтарда түнде патрульдік полиция қызметкерлері Владимирский-Луговой көшелерінің қиылысында көліктің мемлекеттік нөмірін медициналық маскамен жауып қойған "Тойота Камри" маркалы автокөлікті тоқтатқан. Тексеру кезінде көлікті 16 жастағы жасөспірім тізгіндегені анықталды", - делінген Атырау облысы Полиция департаментінің Instagram желісіндегі парақшасында.
Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөліміне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, құжаттар шешім шығару үшін сотқа жолданды. Көлік айып тұрағына қойылды.

Сондай-ақ, жасөспірімге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 4-бөліміне сәйкес "Жүргізу куәлігін оқымаған және 1 жыл ішінде бір текті құқықбұзушылық кайталағаны үшін" әкімшілік хаттама толтырылып, 29 170 теңге айыппұл салынды.

Жасөспірімнің ата-анасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөліміне сәйкес "Түнгі сағат 23:00 кейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын-жайдан тыс жерде жүргені үшін" әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту берілді.




Көрілген: 492    Пікірлер: 0

жұма, 08.01.2021, 09:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31