Қылмыс

Атырауда нәрестені тоңазытқышқа салып өлтіргендерге шыққан үкім өзгеріссіз қалды

  • Атырауда нәрестені тоңазытқышқа салып өлтіргендерге шыққан үкім өзгеріссіз қалды

    Атырауда нәрестені тоңазытқышқа салып өлтіргендерге шыққан үкім өзгеріссіз қалды

Атырауда жаңа туған нәрестіні тоңазытқышқа салып өлтірген облыстық периниталдық орталықтың дәрігерлеріне қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды. Енді орталықтың бас дәрігері 16 жылын темір тордың ар жағында өткізетін болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Орталықтың бас дәрігері Қуаныш Нысанбаевқа, акушер-гинеколог Асқар Қайыржан мен Жәмила Құлбатыроваға Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үкімді осы жылдың қаңтар айында шығарған болатын.

 
Сот ақ халаттыларды нәрестені тоңазытқышқа салып өлтірді деген айыппен кінәлі деп тауып, орталықтың бұрынғы бас дәрігері Қуаныш Нысанбаевты 18 жылға, акушер-гинеколог Асқар Қайыржанды 16 жылға, акушер Жәмила Құлбатырованы 15 жылға бас бостандығынан айырды.

Сотталғандар үкіммен келіспей, Атырау облыстық сотына апелляциялық шағым түсірді.

Көктемде басталған сот отырысына тек бүгін ғана нүкте қойылып, Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы үкімді өзгеріссіз қалдырды.

“Сотталушылардың кінәлары бірінші болған сотта зерттелген дәлелдемер жиынтығымен, куәлардың жауаптарымен, сараптама қорытындыларымен толығымен өз дәлелдерін тапқан. Қылмыстық іс құжаттарында Асқар Қайыржан Қуаныш Нысанбаевқа жаңа туған баланың өлі туған деп тіркегендерін, алайда ол тірі екенін, сол себепті оны мәйітханаға жібере алмай тұрғандарын хабарлағаны айтылған. Алайда оған Нысанбаев нәресте өмір сүруге қабілетсіз деп, сәбидің өлімін тездету үшін Қайыржанға оны суға батыруды ұсынғаны, Қайыржан оған келіспегені, өйткені мәйітті сою кезінде нәрестенің өлу себебі анықталатыны және батырған адам кінәлі деп танылатынын айтып жауап берген. Осыдан соң екеуі өзара сөйлесіп, баланы тоңазытқышқа салуды шешкені анықталған,- деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі. 

Сараптама қорытындысында сәйкес нәрестеге дер кезінде білікті медициналық көмек көрсеткенде өмірін құтқаруға болатыны туралы тұжырымдалған.  

Естеріңізге сала кетейік, бұдан алдын  жаңа туған нәрестені тоңазытқышқа салып өлтірген Атырау облысындағы перзентхана дәрігерлер айыпталғанын, оқиғадан кейін перзентхананың 200-ге жуық дәрігері жұмысынан кетеміз деп мәлімдеме жасағанын, сәбидің анасы дәрігерлер баласын өлі туды деп сендіргенін айтып сұхбат бергенін айтқан едік. 




Көрілген: 427    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.09.2021, 19:16

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31