Қылмыс

Атырауда төлем жүйесінен 11 млн теңге жымқырған қылмыстық топ ұсталды

  • Атырауда төлем жүйесінен 11 млн теңге жымқырған қылмыстық топ ұсталды

    Атырауда төлем жүйесінен 11 млн теңге жымқырған қылмыстық топ ұсталды

Атырауда төлем жүйесінен 11 млн теңге жымқырған қылмыстық топ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы Полиция департаменті Криминалды полиция басқармасының қызметкерлері өңірде ірі көлемде қаражат жымқырған ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады.

Тәртіп сақшылары дереу жедел іс-шара ұйымдастырып, нәтижесінде өңірдегі мекемелердің бірінде бұрын жұмыс істеген қызметкерлер екеніндігін анықтады. Олардың бірі қазіргі күнге дейін сол жерде жұмыс жасап, мәліметтермен бөлісіп отырған.

Тінту кезінде 31 жастағы ер адамның үйінен алты дана төлем терминалдары, компьютерлік компоненттер және қосымша перифериялық құрылғылар табылып, тәркіленді. Топ мүшелерінің бірі төлем жүйесіне кіру парольдерімен қамтамасыз етсе, енді бірі ұрланған ақшаларды өзара бөліп отырған.

– 2021 жылдың 21 наурызынан бастап шілденің 4-не дейінгі уақыт кезеңінде белгісіз тұлғалар төлем жүйесіне заңсыз қол жеткізу жолымен жалпы сомасы 11 170 000 теңге ақша қаражатын ұрлады, – дейді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Мәлімделеріне сүйенсек, алты адамнан тұратын топ қылмыстық әрекеттерін үш ай бойы іске асырып келген. Қазіргі уақытта 26-31 жас аралығындағы алты күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер кінәларын толықтай мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.




Көрілген: 528    Пікірлер: 0

жұма, 10.09.2021, 23:42

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31