Қылмыс

Атырауда төрт айлық баласына 38 пышақ жарақатын салған әйелге қатысты сот ісі басталды

  • Атырауда төрт айлық баласына 38 пышақ жарақатын салған әйелге қатысты сот ісі басталды

    Атырауда төрт айлық баласына 38 пышақ жарақатын салған әйелге қатысты сот ісі басталды

Атырауда төрт айлық сәбиін жауыздықпен өлтірген әйелге қатысты сот ісі басталды. Әйел қызына 38 рет пышақ сұққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Ауыр қылмыс осы жылдың сәуір айында Көптоғай ауылында орын алды. Сотта күдіктінің күйеуі босанғаннан соң әйелінде аяқ-асты психикалық ауытқуға ұшырағанын айтқан. Перзентханадан кейін әйелі халық емшілеріненің көмегіне жүгінген. Алайда бұдан да жақсы болмаған.

Әйел қылмысқа күйеуі аудан орталығына барған кезде барған. Анасы сәбиіне ас үй пышағымен соққы жасаған. Оған баланың қатты жылағаны ұнамаса керек.

Сот-медициналық сарапшылар қыздың денесінде 38 жарақатты анықтаған.

"Баланың өлімінің себебі көп қан жоғалту болды. Сәбиге жүрек пен кеуде тұсына көптеген пышақ жарақаты түскен", – деді прокурор Нұрболат Әбілов.

Қазір 42 жастағы күдікті психдиспансерде жатыр. Ол қандай жағдайда түскенін дәрігерлер айтпаған. Бірақ қазіргі уақытта, олардың айтуынша, оның жағдайы анағұрлым жақсарған.

"Иә, шынында да оның психикалық ауытқуы бар. Диагноз медициналық құпия, ол жария етуге жатпайды. Оның тағдыры тек сот шешімімен ғана анықталады. Қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан емдеу аясында психикалық жағдай тұрақтанды", –  деді Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы директорының орынбасары Дамир Қожантаев.




Көрілген: 478    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.09.2021, 10:30

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31