Қылмыс

Атырауда Трамадол сатып жүрген әйел ұсталды

  • Атырауда Трамадол сатып жүрген әйел ұсталды

    Атырауда Трамадол сатып жүрген әйел ұсталды

Атырауда құрамында есірткі заты бар Трамадол дәрілік препаратының 100 данасын заңсыз сатқан 44 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиевтің айтуынша, 29 қарашада «Дәрмек» іс-шарасы кезінде дәріні заңсыз сатқан тұрғын анықталған.

«Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Атырау қаласындағы Алтай көшесінде 1977 жылы туған азаматшаны ұстады. Оның 100 дана Трамадол мен 63 дана Трапикамед дәрі-дәрмектерін заңсыз сатып жүргені белгілі болды.

Қазір ұсталған азаматшаға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 426-бабымен (Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникалық айналысы саласының қағидаларын бұзу) толтырылған іс-құжаттары Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің облыстық департаментіне шешім қабылдау үшін жолданды», - дейді Қамза Үмбетқалиев.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысының тұрғыны 1 келіге жуық есірткімен ұсталғанын жазған едік.




Көрілген: 435    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.11.2021, 08:30

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қаңтар, 21:48
    Бес кеденші сотталды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31