Қылмыс

Атыраулық әйел күйеуін тұншықтырып өлтірді деген күдікпен ұсталды

  • © Sputnik /

    © Sputnik /

Атырауда жиырма жыл отасқан күйеуін өлтірді деген күдікке ілінген әйелге қатысты сот басталды. Юлия Шамшодиноваға Қылмыстық кодекстің "Адам өлтіру" бабы бойынша айып тағылған.


Қанды оқиғаның жай-жапсары бір жыл бұрын анықталған. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, айыпталушы 2012 жылы күйеуіне ұйықтататын дәрі беріп жастықпен тұншықтырып өлтірген. Қылмыстың ізін жасыруға оған екі қызы мен жиені көмектескен. Олар марқұмның денесін әуелі бөлшектеп, артынан аулада қазылған шұңқырға көміп тастайды. Кейін үстіне бетон құйып, сол жерге тауық қора тұрғызған.


Атырау тұрғынын қыздары мен әйелі өлтіріп, үстіне бетон құйып тастаған


Алайда уақыт өте келе мүрдені жасыруға көмектескен Павел Шигаев әйелді бопсалап ақша талап етеді. Бұған шыдамаған айыпталушы полицияға арыз түсірген соң, Шигаев туысқанының бар шындығын сақшыларға айтып берген, деп хабарлады КТК.


Сотталушы отбасылық өмірі туралы егжей-тегжейлі айтып берді: ол күйеуімен ұрсысып қалатын болған, бірақ ешқашан қатты жанжалдаспаған. Айыпталушы күйеуін өлтіргенін мойындамайды. Оның денесі қалай тауық қораның астында қалғанын білмейді. Қораны жалдамалы жұмысшыларға салғызғанын айтады.


6 жыл бойы отбасы басшысы хабарсыз кетті деп есептелді. Сотталушы ол ISIS-пен күресуге кетті деп ойлапты. Бірақ марқұмның туыстары бұған сенбейді: олардың айтуынша, келіншектің кісі өліміне қатысы бар және оған тұрғын үй мәселесі себеп болған.


 sputnik




Көрілген: 995    Пікірлер: 0

жұма, 13.09.2019, 10:15

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31