Атырау қалалық мамандандырылған сотында туысының үйін өртеп жіберген жергілікті тұрғынға қатысты әкімшілік іс қаралды деп хабарлайды NUR.KZ.
"Олардың арасында отбасылық ұрыс-керіс болған. Күйеуімен жанжалдасып қалған әйелі туысының үйінде жасырыныпты. Жұбайын сыртқа шығару үшін азамат үйдің сыртында үюлі тұрған құрылыс материалдарын қасақана өртеп жіберген", - деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметі.
Бұзақылық жасаған тұрғынның үстінен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, сот шешімі бойынша айыпты деп танылған.
Оған 12 мың теңге көлемінде айыппұл төлеу міндеттелді.