Қылмыс

Атышулы пластикалық хирург Роман Алферов сотталды

  • https://www.ktk.kz/

    https://www.ktk.kz/

Созбалаңға салынған соттың соңғы нүктесі қойылды. Алматыда атышулы пластикалық хирург Роман Алферовқа ақыры сот үкімі шықты. Пациентінің жантүршігерлік өліміне себепкер болған дәрігерді судья 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.

 

Алферовпен бірге әйелдің өлімі үшін реаниматолог пен кезекші дәрігер де сотқа тартылған болатын. Алайда қылмыстың уақыты өтіп кеткеніне байланысты ол екеуі жазадан сытылып кетті.

 

Алферовтан да осы себептен негізгі айыптау бабы алынып, хирург тек «кәсіби міндетін өз деңгейінде орындамағаны үшін» деген баппен жаза арқалады.

 

Онлайн өткен сот отырысында марқұмның туыстары бұған да ризашылық білдірді. Өйткені атышулы хирург мүлде жазадан құтылып кете ме деп ойлаған.

 

Оның себебі де бар. Қайғылы оқиға 2017-жылдың желтоқсанында болса, Алферов арада екі жыл өткенде барып, яғни 2019 жылдың қарашасында ғана сотқа тартылды. Содан үкімі 10 ай дегенде шығып отыр.

 

Ал атышулы сот ісіне Алматы қаласының 44 жастағы тұрғыны Жанна Рахманованың өлімі негіз болды. Келіншек ішіндегі және жамбасының майын алғызу үшін Роман Алферовтің клиникасына барған. Содан тірі шықпады.

 

Сот материалдарына сәйкес, әйел отадан 19 сағат өткен соң қайтыс болған.

 

Абай Жарылқасын, Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы:

 

- Осыған орай, сот тергеу органдарына қатысты бұл істі созбалаңға салғаны үшін созбалаңға салу фактісі бойынша жеке ұйғарым шығарды. Қазіргі таңда аталмыш үкім заңды күшіне енбеді.

 

ktk.kz




Көрілген: 261    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.08.2020, 23:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30