Қылмыс

Әуежайдың бас есепшісі қаржы полициясына 16 млн теңге пара ұсынған

  • © BAQ.KZ

    © BAQ.KZ

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғаммен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалин айтты.


"Елорда әуежайының бас есепшісі Нұр-Сұлтан қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің лауазымды тұлғаларына 16 млн теңге сомасында пара бермек болған. Сондай-ақ ол іс жүзінде жоқ шарттар мен жұмыстар бойынша жалған шот-фактураларды шығарумен айналысатын 23 фирманың есеп айырысу шоттарына аудару арқылы акционерлік қоғамның 1,3 млрд теңгедан астам сомадағы ақша қаражатын жымқырды деген айыппен күдікке ілініп отыр. Бұл аудиторлық тексеру тұжырымымен расталды", - деді Арман Бердалин.


Оның айтуынша, қазіргі таңда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының елордалық департаментімен аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.


"Сот санкциясы бойынша күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды. Тергеу жалғасуда", - деді Ұлттық бюро өкілі.


Бұған дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының директоры пара ретінде Toyota Camry алды деген күдікпен қамауға алынғаны туралы хабарлағанбыз.


BAQ.KZ


 




Көрілген: 463    Пікірлер: 0

жұма, 24.05.2019, 15:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31