Қылмыс

Аулада тұрған көлікті қасақана өртегендер ұсталды

  • Көрнекі фото.  https://censor.net/

    Көрнекі фото. https://censor.net/

Қызылорда қаласында тұрғын үй жанында тұрған көлік өртеніп кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 21 қарашада сағат 22:44-те Байқоңыр көшесінде тұрғын үй жанында тұрған "Opel Vectra" автокөлігі өртенген.

 

"Өрт 22.59-да оқшауланды. Ал 23.01-де толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің 9 қызметкері мен 2 техника барды", – деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің бас маманы Айгүл Нұрманова.

 

Бұл қасақана жасалған әрекет деген алдын ала болжам айтылып отыр. Қызылорда қалалық полиция басқармасы аталған іс бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

 

"Қылмыстық кодекстің 202-бабы 2-бөлігінің 1-тармағымен ("бөтеннің мүлкін өрт қою арқылы қасақана жою") қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру жүргізілуде. Оқиғаға күдікті ретінде 22 қарашада Қызылорда қаласының азаматтары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді полицияның баспасөз қызметі.

 

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талабына сәйкес, тергеу деректері жария етілмейді.

 

 

 




Көрілген: 538    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.11.2021, 00:53

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31