Қылмыс

Ауласына көміп тастаған: Көршісіне 20 мың теңге қарыз берген зейнеткер ажал құшты

  • Ауласына көміп тастаған: Көршісіне 20 мың теңге қарыз берген зейнеткер ажал құшты

    Ауласына көміп тастаған: Көршісіне 20 мың теңге қарыз берген зейнеткер ажал құшты

Ер адам қасақана адам өлтіргені үшін ​​15 жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары колонияда өтейді


Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жұмбақ жағдайда жоғалып кетті деп саналған зейнеткерді өлтіру ісіне нүкте қойды.


Сарыағаш ауданының Достық ауылында жалғыз тұратын қартаң әйелдің жоғалып кеткені туралы Шымкент пен Қазығұртқа қоныс аударған қыздары хабарлады.


Өтініш берушілердің айтуынша, маусымның басында анасы байланысқа шығуды тоқтатқан. Полицейлер із-түссіз жоғалған адамды іздеуге кірісті. Оларға жергілікті тұрғындар да қосылды.


Дегенмен төрт айға жуық іздеу жұмыстары нәтиже бермеді. Қыркүйек айында қартаң әйелдің із-түзсіз жоғалуының құпиясы ашылды. Зейнеткермен көрші тұрған және іздеуге белсенді түрде қатысқан 33 жастағы Д.А. оны өлтіргенін мойындады.


Ер адам жыл басында көршісінен 20 мың теңге қарыз алғанын, бірақ оны қайтара алмағанын айтты. Қария есептесуді талап ете бастағанда, араларында жанжал шыққан. Ашуланған ер адам көршісін ұрып өлтіреді.


Түнде оның денесін өз ауласына әкеліп, көміп тастаған. Зейнеткерді іздеу барысында ер адам еш күдікке ілінбеген, бірақ оны ар-ожданы азаптап, қылмысын мойындауды ұйғарған.


"Сот айыпталушыны Қылмыстық кодекстің 99-бабында (қасақана кісі өлтіру) қарастырылған қылмысты жасады деп таныды", - деп атап өтті қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Дәурен Мадалиев.

Ер адам 15 жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары колонияда өтейді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.


sputniknews.kz




Көрілген: 312    Пікірлер: 0

жұма, 08.11.2019, 22:09

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30