Қылмыс

Ауыл тұрғыны 4 млн теңге несие уәде еткен алаяққа алданып қалған

  • Ауыл тұрғыны 4 млн теңге несие уәде еткен алаяққа алданып қалған

    Ауыл тұрғыны 4 млн теңге несие уәде еткен алаяққа алданып қалған

Түркістан облысында алаяқ жергілікті тұрғынға «4 млн теңге несие алып беремін» деп, алдап кеткен. Өздігінен ақшасын қайтара алмаған ол полицияға арызданған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қазығұрттық тұрғын 4 млн теңге несие алып беруге уәде еткен адамға 210 мың теңге бергенін айтқан. Қомақты ақшаны алған соң, ол ізін суытқан.

 

Күдіктіні ұстау мақсатында жедел-тергеу тобы құрылып, ақпарат көздері арқылы оның тұлғасы анықталған. Нәтижесінде тұрып жатқан мекенжайы бойынша ұсталды. Кінасын толық мойындаған. Сот шешімімен ол «ешқайда кетпеу туралы» қолхатпен босатылды.

 

«Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бұдан да басқа қылмыстық оқиғаларға қатыстылығы анықталуда», - деді полицияда.




Көрілген: 385    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.07.2020, 02:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31