Қылмыс

Аяғы ауыр келіншекті Жедел жәрдемнен ұрлап кетіп, зорлаған

  • https://daily.afisha.ru/

    https://daily.afisha.ru/

Қоғам белсенділері Павлодарда жедел жәрдем көлігінен қыздың ұрланып, артынша зорланғаны туралы мәлім етті. Қазіргі таңда аталмыш фактіге қатысты екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірдегі полиция департаментіне сілтеме жасап.

 

Полиция департаментінің жауабында күдіктінің ұсталғаны айтылған. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында.

 

Сонымен бірге жәбірленушінің аяғы ауыр болғаны көрсетілген. Сотқа дейінге тергеп-тексерудің деректері айтылмаған. Тек екі бап - "Зорлау" және "Бас бостандығынан айыру" бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі.

 

Еске сала кетсек, жедел жәрдем көлігінен қыздың ұрланғанын "НеМолчи" қорының жетекшісі айтқан еді.

 

Дина Таңсәрінің сөзінше, ер адам әйелді жалдамалы пәтерге апарып, түні бойы ұрып-соққан және зорлаған. Пәтер қожайыны олардың іздестіріліп жатқанын айтып, шығарып жібергенімен, ол тағы бір пәтер жалдаған. Сол жерде әйелдің айғайын естіген көршілері тәртіп сақшыларына қоңырау шалған.

 

Әйелді жедел жәрдем, ал ер адамды полиция алып кеткен.

 

Дегенмен, ол үш сағаттан соң босап шыққанын алға тартқан, Дина Таңсәрі Ішкі істер министрін аталған жағдайға назар аударуды сұраған еді.

 

 

 




Көрілген: 1396    Пікірлер: 0

жұма, 04.12.2020, 14:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31