Қылмыс

Аяжан Еділованы аяусыз өлтірді деген күдікті мектепті "Алтын белгімен" бітерген

  • https://www.youtube.com/watch?v=Vgb421qqj78&ab_channel=SAM

    https://www.youtube.com/watch?v=Vgb421qqj78&ab_channel=SAM

Алматыда жантүршігерлік жағдайда табылған 19 жастағы Аяжан Еділованы өлтірді деген күдіктінің жеке басына қатысты бірқатар тың деректер анықталды.

 

Күдікті қазіргі Оңтүстік Қазақстан Медицина академиясында небәрі екі жыл ғана оқыпты. Бұрынғы студенттерінің аты бұлайша шығуы қырық жылдық тарихы бар оқу орнының ұжымына да оңай соқпаған.

 

Факультет деканы Қанат Дәуренбековтің айтуынша, Рахманберді Төребеков аталған оқу орнына 2012 жылы грантқа оқуға түскен. Фармацевтика мамандығы бойынша оқып жүрген студент, тек екінші курстан соң академиялық қарыздарына байланысты оқудан шығарылған болып шықты.

 

Қанат ДӘУРЕНБЕКОВ,  ШЫМКЕНТ қ. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ ФАРМАЦИЯ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ:  

 

-Оқудан шығарылған себебі: бұл сабақтарға дұрыс қатыспаған. Және пәндер бойынша сабақтарға жіберілмеген емтихандық сессияға  және өзінің жауапсыздығынан осындай жағдайға келген. Ал енді -мінезіне келетін болсақ, енді біздің әріптестерге айтуына қарағанда - өте салмақты. Мынау өзінің әріптестерімен, құрбы-құрдастарымен жанжалға түсіп  немесе оқытушылармен жанжалға түсіп ондай кезеңдер болған емес.

 

Айта кетейік, 28 жастағы күдікті Түркістан облысы Шардара ауданы Жаушықұм ауылының тумасы. Ол сондағы жалпы орта мектепті 2010 жылы «Алтын белгімен» бітерген.

 

Айтпақшы, күдікті Рахманберді Төребековтың ата-анасы мұғалім болған.

 

Жаушықұм ауылы әкімінің мәліметіне сүйенсек ерлі-зайыптылар қазір зейнетте. Екі жылдан астам уақыт бұрын Түркістанға қоныс аударыпты.

 

Олардың ортақ үш перзент бар.

 

 

 

astanatv.kz




Көрілген: 2261    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.03.2021, 22:52

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Сәуір, 18:30
    Құдаша үшін қырғын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31