Қылмыс

Аяжан Еділованың күдіктімен жолыққан кезі түсірілген видео жарияланды

  • © Алтаты ТВ

    © Алтаты ТВ

Әлеуметтік желіде 19 жастағы Аяжан Еділованың өзін азаптап өлтірген ер адаммен бірге лифтіге кіріп бара жатқаны түсірілген видео тарады деп хабарлайды 31 арна.

 

Телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес, кездесу Алматының Алатау ауданындағы Нұркент 5 тұрғын үйіндегі бейнебақылауға жазылып қалған.

 

Полицейлер ақпараты бойынша, марқұм ғаламтор арқылы танысқан жігітпен үш күн бойы хат алмасып, кейін кездесуге барған.

 

Еске сала кетсек, Аяжан Еділованың жоғалғаны мереке күндері белгілі болды. Кейінірек қалалық полиция бойжеткеннің өлі күйінде табылғанын хабарлады. Оны өлтірді деген күдікпен 1993 жылы туған Түркістан облысының тұрғыны ұсталған.

 

Сондай-ақ құзырлы орган қыздың денесі бөлшектеліп, қоқыс бактарына жасырылғанын хабарлады.

 

Одан бөлек, полиция ұстау кезінде күдіктінің өз өзін өлтірмек болғанын айтты. Қазір ол ауруханада жатыр.

 

Кейінірек марқұмның туыстары мәлімдеме жасады. Айтуларынша, полицейлер арызды бірден қабылдамаған. Ал күдіктінің туыстары байланысқа шықпаған.

 

"Біз полицияға жүгінген кезде бізге оның жігітпен ұйықтап жатқанын, біздің күтуіміз керектігін айтты. Біз өз күшімізбен мекенжайды тауып, сол жерге барсақ, онда полицейлер бар екен. Олар сағат 22:00-де келгендерін айтты. Еріктілер мен жедел қызметкерлердің арасы небәрі бір сағат. Полицияда база, коммуникация бар, алайда олар бізден бір сағат бұрын ғана барған", - дейді қыздың ағасы Алмат Мүліков.

 

 

kaz.nur.kz




Көрілген: 3007    Пікірлер: 0

жексенбі, 28.03.2021, 13:59

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Сәуір, 18:30
    Құдаша үшін қырғын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31