Әйел адам 10 жасар қызын жартылай жалаңаш фотоға түсірген

23 мамыр 2022, 22:07

Ақтөбеде 10 жастағы қыз баланы жартылай жалаңаш күйде суретке түсірген анасы мен ер адамға сот жаза кесті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Сөйтіп, бірі 9, екіншісі 7 жылға сотталды.

 

Жалпы бұл жайт 2 жыл бұрын болған.

 

Суретті қыздың әкесі көріп, бұрынғы әйелінің үстінен шағым түсірген. Кейін онымен бірге тұратын ер адамның да бұл іске қатысы бары анықталды. 

 

Гүлжанар Отарбаева, облыстық соттың баспасөз хатшысы:

 

- Сотталушылардың екеуі де педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.