Қылмыс

Әйел адам базарда 20 млн теңгенің әшекейін ұрлатып алды

  • Көрнекі фото: pixabay.com

    Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысы Келес ауданының тұрғыны базарда сөмкесінен 20 млн теңгенің әшекейін ұрлатып алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.


Базардан керек-жарағын алып, үйіне қайтқан жәбірленуші бағалы бұйымдарының қолды болғанын сол уақытта ғана білген.


Тез арада Келес аудандық полиция бөліміне хабарласып арызданған.


Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188 бабы ("Ұрлық") бойынша қылмыстық іс қозғалып, жедел тергеу тобы құрылған.


Базардағы бақылау камералары арқылы бөтеннің сөмкесіне қол салған күдікті анықталған.


20 млн теңгенің бағалы әшекейін ұрлаған күдікті Жетісай ауданының тұрғыны болып шыққан.


Оның бұрынырақ істі болғаны анықталды.


Күдікті ұрлаған заттарын сатып жіберіп, ақшасын жаратып та үлгеріпті.


"Күдіктіден тексеру барысында полиция қызметкерлері ұрланған бағалы бұйымдардың бір бөлігін тәркіледі. Ал қалған ұрланған заттарды ол ақшаға айналдырып, өз қажетіне жаратып жіберген. Айғақты зат ретінде тәркіленген бағалы бұйымдар заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда бөтеннің мүлкін ұрлау жайтына қатысты сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. 




Көрілген: 586    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.04.2019, 09:58

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30