Қылмыс

Әйел адам телефонды жыныс мүшесіне жасырып, түрмеге алып кірмек болған

  • Фото: instagram.com/duis_pavlodar

    Фото: instagram.com/duis_pavlodar

Павлодар қаласының тұрғыны колонияға телефон, сим-карталар мен USB-сымдарды интимді жерінде жасырып, алып кірмек болған деп хабарлайды Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Instagram-дағы ресми парақшасы.

 

Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде айтылғандай, 30 жастағы павлодарлық әйел адам кісі өлтіргені үшін жазасын өтеп жатқан күйеуімен кездесуге келген. Әйелді тексеріп қарау кезінде металл іздегіш сигналы белгі берген.

 

"Мекеменің әскери қызметкерлері мен әйел қызметкерлері әйелді мұқият тексергеннен кейін одан контрацепция құралында жасырылған тыйым салынған заттар бар екені анықталды. Ондағы заттарды тексерген кезде ұялы телефон, 7 сим-карта және USB сымы табылды", – деп хабарлады департаментте.

 

Pavlodarnews басылымы нақтылағандай, қалалық тұрғын мүшеқапқа салынған телефонды және басқа тыйым салынған заттарды жыныс мүшелеріне жасыруға тырысқан.

 

Әкімшілік кодекстің 481-бабы "Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру" бойынша қала тұрғынына қатысты хаттама жасалды.

 

Жазаны сот анықтайды.

 

Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде хабарланғандай, мұндай бұзушылыққа жол берген адам сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бір жылға ұзақ кездесу құқығынан айырылады.

 

 

 

kaz.nur.kz




Көрілген: 658    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.06.2021, 11:32

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Шілде, 19:26
    Анасын ұрып өлтірді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31