Қылмыс

Әйелге пышақ сұққан күдікті қамауға алынды

  • Әйелге пышақ сұққан күдікті қамауға алынды

    Әйелге пышақ сұққан күдікті қамауға алынды

Түркістанда қаскүнем әйелді пышақтап кетті. Көп ұзамай қылмыскер полицейлердің қолына түсті. Ал Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында есірткі сатушылар заң алдында жауап береді.

Түркістанда адамға дене жарақатын келтірген ер кісі қамауға алынды. Күдікті бөтен үйге кіріп кетіп, әйелге пышақ сұққан. Содан кейін қылмыс орнынан қашып, ізін суытқан. Қаскүнемді ұстау үшін қалалық криминалдық полиция және тергеудің тәжірибелі қызметкерлері жұмылдырылды. Сонымен қатар қаладағы бейнебақылау камералары жіті тексерілді. Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

ІРІ КӨЛЕМДЕ ГАШИШ ТӘРКІЛЕНДІ

Шу қаласының тұрғынынан бес келіге жуық гашиш тәркіленді. 31 жастағы күдікті Мойынқұм ауылынан бес шақырым жерде құрықталды. Ол кінәсін толық мойындаған. Қазір Шудағы уақытша ұстау изоляторында отыр. Қылмыстық кодекс бойынша ер адамға 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан шектеу жазасы кесілуі мүмкін.

ЕСІРТКІ САТУШЫ ҰСТАЛДЫ

Дәл осындай жаза Солтүстік Қазақстан облысының тұрғынына қолданылады. Ол есірткі саудасымен айналысқан. Тінту барысында одан 2 келі гашиш және көлігінен 970 мың теңге табылды. Сондай-ақ полицейлер қылмыскердің бірнеше ұрлыққа қатысы барын жоққа шығармайды. Мұның бәрі тиісті тергеп-тексерулерден кейін белгілі болады.

КӨЛІК ӨРТЕНІП КЕТТІ

Павлодарда көлік отқа оранды. Қозғалтқышы, аспаптар панелі толығымен жанып, айналаға жанар жағар май төгілген. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына 10 өрт сөндіруші мен үш техника жеткен. Болжам бойынша қызыл жалын көліктің қозғалтқыш бөлігіндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан болуы мүмкін.

ӨРТ МАЛ АЗЫҒЫНА ЗАЛАЛ КЕЛТІРДІ

Шығыс Қазақстан облысы Көкентау ауылындағы екі үйдің шөбі жанып кетті. Өрт 110 шаршы метр аумақтағы мал азығын күлге айналдырды. Дүлей жел электр бағанының сымдарын үзіп, құлатып түсірген. Осының бәрі оттың тұтануына әкелген. Келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр.

24.kz




Көрілген: 367    Пікірлер: 0

жұма, 10.09.2021, 10:05

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31