Қылмыс

Әйелін өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсаған: Қарағанды облысындағы жантүршігерлік оқиға

  • Бота Балби.  https://kaz.tengrinews.kz/

    Бота Балби. https://kaz.tengrinews.kz/

Бұқар Жырау ауданы Тоғызқұдық ауылында 35 жастағы әйел күйеуінің қолынан қаза тапты. Күдікті алдымен әйелі хабар-ошарсыз кеткенін айтып, полицияға хабарлаған. Кейін өзіне қол жұмсағаны белгілі болды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

35 жастағы Бота (Қазан — құжаттағы аты) Балби күйеуі, үш баласы және күйеуінің ата-анасымен бірге Тоғызқұдық ауылында тұрған. Мектепте асхана жұмысына жауап беріп, қоғамдық жұмыстарды атқарған. Туыстарының айтуынша, жұбайымен ара-қатынасы жақсы болмаған. Былтыр ақпанда әпкесіне қоңырау шалып, күйеуі мен қайын енесі ұрғанын айтып, оны алып кетуді сұраған.

 

"Оған барған кезде денесінің көгеріп, ісіп кеткенін көрдік. Ол енді күйеуімен бірге тұрғысы келмейтінін және бұл алғашқы жағдай емес екенін айтты. Біз оны және екі үлкен баласын алып кеттік. Кіші қызын бізге бермеді. Теміртауда Бота полицияға арыз жазды, бірақ кейінірек оны қайтарып алды. Өйткені күйеуі кешірім сұрап, оған жалынып жүрді. Балалары үшін ол күйеуін кешірді. 22 қыркүйекте Бота ауылға үй шаруашылығына көмектесу үшін барды. Өйткені оған қайын енесі аурып жатып қалғанын айтты. Бірақ ол Теміртауға оралатынын айтып кеткен еді. Кіші қызын да әкелмек болған", - деді марқұмның әпкесі Сайран Балби.

 

Бірақ келесі күні таңертең де, содан кейін де Бота үйіне қайтып бармаған. Оның орнына күйеуі келіп, туыстарына әйелі жоғалып кеткенін айтқан. Сайранның айтуынша, ер адам өзін біртүрлі ұстаған.

 

"Күйеуі де, оның ата-анасы да Ботаны іздеген жоқ. Олар тіпті оның телефонына қоңырау шалмады. Полицияға арызды біз бердік. Ол тек 24 қыркүйекте тіркелді. Бірақ осыдан кейін де ешкім оны іздеумен айналыспады. Қызметкерлер тіпті оның үйін мұқият тексерген де жоқ", - дейді Сайран.

 

Қарашада іздеу ісі "Кісі өлтіру" бабы бойынша қайта сараланған. Ал 15 желтоқсанда марқұмның күйеуі кісі өлтіргенін мойындаған.

 

"15 желтоқсанда Ботаның күйеуі оны өлтіргенін мойындады. Бірақ соған қарамастан оны босатып жіберді. 16 желтоқсанда таңертең ол өзіне-өзі қол жұмсады. Бұған дейін ол және оның туыстары бізді Бота Сирияға кетті дегенге сендіргісі келді", - деп қосты Сайран.

 

Ер адам кінәсін мойындағанына қарамастан, мәйіт тек 17 сәуірде табылған. Марқұмның туыстарының айтуынша, сол күні олар барлық туысы, досы мен танысын іздеу жұмыстарына тартқан. Мәйіт Тоғызқұдық ауылы маңындағы тасжол бойындағы кішкене шұңқырдан табылған.

 

Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері бұл жағдайға қатысты түсінік берді. Ведомство 24 қыркүйекте Бұқар Жырау полиция бөліміне әйелдің жоғалғаны туралы арыз түскенін, ал оның мәйіті 17 сәуірде табылғанын растады. Ведомство мәліметі бойынша, полиция қызметкерлері еріктілер, ТЖД өкілдері және әскери қызметкерлермен бірге марқұмды іздеуге бар күшін салған. Оны іздеу үшін тікұшақ жұмылған. Марқұмның туыстары жүргізіліп жатқан іздестіру шаралары туралы хабардар болды, деді департамент өкілі.

 

"Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 99-бабы "Кісі өлтіру" бабына қайта сараланды. Полиция қызметкерлері оқиғаның үш нұсқасын бірден қарады: жоғалу, қылмыстың құрбаны болды және оны жұбайы өлтірді деген нұсқа. Тергеу барысында жұбайынан куәгер ретінде жауап алынды. 15 желтоқсанда жауап алу кезінде ол әйелін өлтіргенін мойындады. Бірақ қызметкерлерде оны қамауға алуға нақты негіз және дәлел болған жоқ. Оның сөздерін растайтын мәйіт те, куәгерлер де болған жоқ. Сондықтан ол босатылды. Ал 16 желтоқсанда ол өз-өзіне қол жұмсады. Бұл факт бойынша "Өзіне-өзі қол жұмсауға жеткізу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді ведомство өкілдері.

 

 

 




Көрілген: 1851    Пікірлер: 0

сейсенбі, 20.04.2021, 00:36

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Сәуір, 18:30
    Құдаша үшін қырғын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31