Қылмыс

Әйелін зорламақ болған ауылдасының көзін ойып алған

  • CC0

    CC0

Батыс Қазақтан облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында ауылдасының көзін ойып алған ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды "Мой город" порталы.


Жантүршігерлік оқиға Батыс Қазақтан облысы Жәнібек ауданы Тау ауылында болған.


Сот үкімі бойынша күдікті Қалиев ҚР қылмыстық кодексінің 106-бабына (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) сәйкес айыпты деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. 36 жастағы ер адам жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі түзету мекемесінде өтейді.


Істің мәліметіне сәйкес, 27 сәуірде келіншек күйеуі Қалиевтің ұялы телефонына хабарласып, ауылдасы Нұралиннің үйге рұқсатсыз кіріп, өзін зорламақ болғанын айтады. Ол кезде күдікті көлігімен басқа ауылға кетіп бара жатыпты. Алайда әйелінің сөзін естіп, шұғыл үйіне қайтқан.


Қалиев үйіне жеткен соң ас бөлмесінде еденде жатқан әйелін көреді, үстінде ауылдасы Нұралин отыр екен. Ашуға булыққан күдікті Нұралинді екі рет ұрып жығады. Сол сәтте келіншек орнынан тұрып, үйден қашып щыққан.


Нұралин де қашпақ болып еді, Қалиев оны ұстап соққының астына алады. Содан кейін пышақпен жәбірленушінің оң көзін ойып алады. Ол Нұралиннің сол көзі көрмейтінін білетін. Артынша сол көзін де ойып алып, ер адамды батареяға байлап қояды.


Осыдан кейін күдікті полиция мен фельдшерді өзі шақырған екен.


"Жәбірленуші алған жарақатынан оқиға орнында қаза болды", - деді судья сот отырысында.


Прокурор Қалиевті қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша соттауды сұраған, алайда судья 106-бабқа (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) ауыстырды.


Тергеу барысында Қалиев кінәсін жартылай мойындап, әйелін қорғағысы келгенін айтқан.


Күдікті де, жәбірленуші де бұрын бірнеше рет сотталыпты. Әрі екеуі де мүгедек екен. Сондай-ақ оқиға болған кезде Қалиев сау, ал күдікті қатты мас болған көрінеді.


Сот үкімі заңды күшіне әлі енген жоқ.


sputnik


zhanturshigerlik-qylmys-zhasady.html


 




Көрілген: 2035    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.09.2019, 20:58

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31